Қозыбаев университетіне жыл сайын 4-5 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы берілмек
Қозыбаев университеті академиялық артықшылық орталықтарының бағдарламасына қатысу үшін Қазақстанның 120 университетінен іріктеліп алынды. Бұл туралы ЖОО-ның жаңа жатақханасының салтанатты ашылу рәсімінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды QZ news тілшісі.
“Енді Петропавлдағы Қозыбаев университетіне атақты процессорларды шақыру, нысандарды жарақтандыру, ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру, жаңа зертханалар мен жабдықтар сатып алу, жергілікті профессорларды қайта даярлау мен оқыту үшін қосымша 4-5 млрд теңге қаржы алатын болады”, – деді Саясат Нұрбек.
Министр баяндамасында Аризона университеті АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің серіктесі екенін, университет Аризонадағы сынамалық алқаптарды басқаратынын да атап өтті.
“СҚО әкімі бұл тұсқа ерекше назар аударып отыр. Жер бөлінеді, мен қаржыландыруға көмектесемін. Біз ортақ күш-жігермен Қозыбаев университетін бүкіл солтүстік өңір үшін мықты агротехникалық және зерттеу хабына айналдырғымыз келеді”, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.