Петропавловск
+21°C
Главная страница » Туризм » СҚО-да 12 гид-экскурсовод бір апталық оқудан өтеді

СҚО-да 12 гид-экскурсовод бір апталық оқудан өтеді

Петропавлда гид-экскурсоводтар үшін жеті күндік оқу басталды. Оны World Federation of Tourist Guide Associations жаттықтырушысы Алина Жаманғараева өткізуде. Ол облыс орталығына Алматыдан келді. Оңтүстікастаналық жаттықтырушы 8 жыл гид болып жұмыс істеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Бұл мен оқыту өткізіп жатқан бірінші қала емес. Біздің елімізде гидтер жетіспейді, ал бұл мамандық иелерінің қызметіне сұраныс жоғары. Қазақстанға алғаш рет келген туристер біздің еліміз туралы көбірек білгісі, тарихи ескерткіштерге қызығушылық танытып, көрнекті жерлерге барғысы келеді. СҚО-ның туристік әлеуеті зор. Бізде 7 күн ішінде теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі. Мен әртүрлі экскурсиялар туралы егжей-тегжейлі айтып беремін, соның ішінде жаяу, автобус және мұражай экскурсиялары жайлы ақпар болады”, – деді Алина Жаманғараева.

Гид-экскурсоводтарды оқыту Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен бастау алды.

“Бұл жолы біз 12 гидті оқытамыз, болашақта одан да көп адамды оқытуды жоспарлап отырмыз, өйткені бұл адамдарға сұраныс бар. СҚО-да туризм белсенді қарқынмен дамуда. Тек бірінші жартыжылдықта біздің өңірге 58 мыңнан астам турист келді. Шалқар мен Имантау көлдері адамдардың қызығушылығын тудырады. Біздің өңірге сауатты және білімді гид-экскурсоводтар қажет”, – деді СҚО бойынша туристік қауымдастықтың төрағасы Владимир Витченко.

Оқуды аяқтағаннан кейін барлық қатысушы емтихан тапсырады. Оның нәтижелері бойынша үздік гидтер экскурсия өткізуге мүмкіндік беретін сертификаттар алады. Емтихан тапсыра алмаған жандар тыңдаушы сертификатына ие болады.

Shares