Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Huawei компаниясының өкілдері Қозыбаев университетінің студенттерін қатаруға қосуға ниетті

Huawei компаниясының өкілдері Қозыбаев университетінің студенттерін қатаруға қосуға ниетті

Huawei компаниясының өкілдері Қозыбаев университетінде болып, студенттермен кездесті. ҚР ҒЖБМ-мен бірлесіп, Қазақстанның жоғары оқу орындарында Huawei компаниясының 40 академиясы ашылды, олар 7 мыңнан астам студентті қамтиды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Біздің сапарымыздың мақсаты АКТ академиясы туралы ақпараттандыру болып табылады. Huawei жоғары оқу орындарымен бірлесіп, академиялар ашады, онда тегін негізде өзінің халықаралық Talent online платформасына толық қолжетімділікті ұсынады. Мұнда озық IT технологиялары бойынша 1000-нан астам курс жинақталған. Халықаралық сертификат алу мүмкіндігі бар. Жыл сайын біз халықаралық тест тапсыруға болатын ваучерлер жібереміз, кейін сізде Huawei жабдықтары көрсетілген әлемнің кез келген жерінде жұмысқа орналасу және сабақ беру мүмкіндігі болады»,- деді «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС компаниясының дарындылар экожүйесін дамыту жөніндегі менеджері Жазира Камашбек.

Іс-шарада білім алушылар Huawei-ден ICT Competition байқауы туралы білді, оған әлемнің түкпір-түкпірінен студенттер қатысады. Жеңімпаздар озық гаджет алып, компанияға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушылар 20 қазанға дейін Huawei сайтында тіркеле алады

Shares