Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университеті студенттерге сабақ беру үшін үнді профессорларын қабылдауға дайын

Қозыбаев университеті студенттерге сабақ беру үшін үнді профессорларын қабылдауға дайын

Қозыбаев университетіне Үндістанның Қазақстандағы елшісі, доктор Т.В. Нагендра Прасад келді. Осыдан 6 жыл бұрын жергілікті университетке «Жалпы медицина» бағдарламасы бойынша оқу үшін Үндістаннан алғашқы студенттер келді. Содан бері жас мамандардың 2 шығарылымы оқуларын тамамдады. Бұл шамамен 160 бакалавр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бүгінде ЖОО-да 75 үнді азаматы білім алады. Университет басшылығымен кездесуде доктор Т.В. Нагендра Прасад Қозыбаев университетіне болашақ дәрігерлерді дайындағаны үшін алғысын білдірді.

«Сіздің сапарыңыз елдеріміздің білім беру саласындағы жемісті ынтымақтастығын тағы да растайды. 2018 жылы СҚО-ға Үндістаннан студенттер келді. Өңір мен университет басшылығы бұл жобаны жүзеге асыру үшін көп көңіл бөледі. Студенттер тек ағылшын тілінде оқиды. Сабақтарды біздің оқытушылар, дәрігер-практиктер, шетелдік жоғары оқу орындарының профессорлары да жүргізеді. Қозыбаев университеті өзінің материалдық-техникалық базасын едәуір жақсартты. Үндістаннан келген студенттеріміз ЖОО-ның әлеуметтік-мәдени өміріне белсенді қатысады, үнді мәдениетіне арналған іс-шаралар өткізеді»,- деді Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев.

Студенттер елшілік өкілдеріне оқулары жайлы қызықтырған сұрақтарын қойды. Қонақтар жаңа жатақханалармен, медициналық, аграрлық, инженерлік және IT бағыттағы заманауи зертханалармен танысты. Жаңа ғимараттың екі қабаты, дәрігерлерді оқыту үшін жабдықталған. Акушерлік және гинекология, ультрадыбыстық диагностика, алғашқы медициналық көмек көрсету, пальпация, зертханалық зерттеулер және т. б. салаларда дәрігерлік дағдыларды меңгеру үшін тренажерлер сатып алынды.

Shares