Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда спорттық бағдарлаудан өткен чемпионатта 30 оқушы бақ сынады

Петропавлда спорттық бағдарлаудан өткен чемпионатта 30 оқушы бақ сынады

Жарыс жолына жалынды жастар шықты! Петропавлда төрт мектептің әскери-патриоттық клубтары арасында спорттық бағдарлаудан чемпионат өтті. Зияткерлік сайысқа 30 жуық бала қатысты. Олар – 8-9 сынып оқушылары, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Арнайы таңдалған аумақта балалар карта және компастың көмегімен бағдар алды. Қатысушылар 7 командаға бөлінді. Тартысты чемпионат 3-ші емхананың жанындағы саябақта өтті.

“Балаларға барлық бақылау нүктелерін дұрыс тәртіппен әрі тез табу қажет. Бізге бұл іс-шараны ұйымдастыруда ҚР Ұлттық ұланының академиясы көмектеседі. «Әскери топография» кафедрасының қызметкерлері балаларға спорттық бағдарлау туралы айтып берді. Келесі жылы тағы да осындай іс-шара өткізгіміз келеді”, – деді “The Last Hope” ҚБ жобалық менеджері Тимур Әлжанов.

Чемпионатты ұйымдастырушылар қатысушыларға бағалы сыйлықтар дайындады.

Shares