Ақжарлық оқушы республикалық тарихшылар байқауында жүлделі орынға ие болды
Өскеменде 9, 10 сынып оқушыларына арналған «Менің кіші Отаным» республикалық жас тарихшылар байқауының қорытынды кезеңі аяқталды. Оған Солтүстік Қазақстан облысынан Шал ақын ауданының, Ақжар ауданының және Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының 4 оқушысы қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша «Менің кіші Отанымның болашағы» аталымында Ақжар ауданының «Талшық ОМ» КММ 10 сынып оқушысы Диас Меделбеков 2 орын еншіледі.
“Шығармашылық көзқарастың, терең зерттеулердің және өз өлкесіне деген сүйіспеншіліктің арқасында ол барша қатысушыларды еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген құрметке шабыттандырды. Қатысушыларды республикалық кезеңге дайындау кезінде үлкен жұмыстар атқарылды”, – делінген “Қызылжар дарыны” дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының хабарламасында.