Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атанды
Солтүстікқазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды. 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен біздің спортшы финалда 22 жасар жапондық балуан Йошиносукэ Аоягиді (5-3) жеңді. Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов чемпионды әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Нұрқожа қазақ тарихында Ризабек Айтмұқаннан кейін әлем чемпионы атанған екінші спортшы. Қайпановтың қайсарлығы, қажырлы еңбегі және асқан шеберлігі спорт сүйер қауымды ерекше қуантты. Солтүстік Қазақстанның мақтанышы барша қазақстандықтарға үлгі болдыңыз. Бұл жеңісіңіз жас спортшыларға шабыт беріп, ел абыройын әлемдік деңгейде асқақтатты. Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетіп, жеңіс тұғырынан көріне беріңіз!”, – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.