Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Смирново селосында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде барлық өнім сатылды

Смирново селосында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде барлық өнім сатылды

November 8, 2024 14:52

Смирново селосында дәстүрлі апта сайынғы жәрмеңке өтті. Аудан орталығының тұрғындары үшін 11 ауылдық округтен өнім әкелінді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қаз-қатар тізілген сөрелерде жергілікті өндірушілердің ет және сүт өнімдері ұсынылды. Азық-түліктен басқа шөп, сабан, астық қалдықтары, бидай, сұлы тонналап сатылды.

“Власовка ауылдық округінен 47 литр сүт, 16 кг үй майын, 12 кг сүзбе және қаймақ әкелдік. Барлығы тез арада сатылды”, – деп бөлісті Власовка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Әлия Ербатырова.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңке әр жұма сайын өткізіледі. Онда Смирново тұрғындары азық-түлікті де, тұрмыстық қажеттіліктерге арналған тауарларды да қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Shares