«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңіне 40-тан астам педагог қатысты
Петропавлда «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтіп жатыр. Оны «Қызылжар дарыны» орталығының мамандары өткізуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Байқау 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда қалалық және аудандықкезеңдердің жеңімпаздары атанған 44 мұғалім қатысуда. Мұғалімдер өздерінің авторлық жұмыстарын қорғайды. Байқауға қатысушыларды кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамында университет оқытушылары мен өткен жылдардағы байқаудың жеңімпаздары бар. Жеңімпаздар желтоқсан айында Алматыда өтетін байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алады. Білім додасына қатысушылардың еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс», – дейді «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Бақыт Ғабдуллина.
Нина Акимова 8 жылдан бері Аққайың ауданындағы Рублевская орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Жыл сайын ол материалды жақсы меңгеру үшін балалармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіруге тырысады.
«Сайыста мен 3-сынып оқушыларына арналған математика үйірмесінің жұмысы туралы айтамын. Менің сабақтарымда балалар өздерін зерттеуші ретінде сынап көреді. Үйірмеде логикалық есептер шығару үшін көркем жұмысты енгіздім, ал тапсырмаларды қызықты ету үшін жаратылыстану пәнін кіріктірдім. «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы мұғалімдерге өз жұмыстарын көрсетуге және өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл өзін көрсетуге жақсы мүмкіндік деп ойлаймын», – дейді Аққайың ауданындағы Рублевская орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нина Акимова.