Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университетінде Инклюзивті білім беру орталығы ашылды

Қозыбаев университетінде Инклюзивті білім беру орталығы ашылды

Студенттердің қолайлы оқуы үшін Қозыбаев университетінде Инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Онда сенсорлық интеграция және қалпына келтіру, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс, дағдылар мен сөйлеуді дамытуды тексеру, мінез-құлықты түзету және мектепте оқуға көмектесу жүйелері орнатылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Университеттің баспасөз қызметінде атап өтілгендей, жабдық Дүниежүзілік банктің қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің «Орта білім беруді жаңғырту» бағдарламасы бойынша жеткізілді.

«Орталық 36 мыңнан астам арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған, оның ішінде ойыншықтар, музыкалық аспаптар, саусақ ойындарына арналған дидактикалық материал, үйлесімді сөйлеуді дамытуға арналған көрнекі суреттер сериясы, көрнекі дидактикалық құралдар, жұмсақ модульдер, тактильді жолдар, шарлары бар құрғақ бассейн, теңгерім сферасы, компьютер, ноутбук және т.б.», – дейді Қозыбаев университетінің баспасөз қызметі.

Енді студенттер педагогика ғылымының практикалық негіздерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алады. Орталықта бастауыш, мектепке дейінгі және арнайы білім беру кафедрасының студенттерінен басқа, Қозыбаев университетінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар барлық студенттері білім ала алады.

 

Shares