Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда «Dara» балаларды ерте дамыту білім беру орталығы жаңа ғимаратқа көшті

Петропавлда «Dara» балаларды ерте дамыту білім беру орталығы жаңа ғимаратқа көшті

«Дара» білім беру орталығы кеңейтіліп, жас келушілер мен олардың ата-аналары үшін есігін айқара ашты. Білім мекемесі 200-ге жуық балаға шақталған. Олармен 7 мұғалім жұмыс істейді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Орталық 2023 жылдан бері жұмыс істейді. «Даму» қорының қолдауымен несие алып, жаңа ғимаратқа көшіп отырмыз.  Біз мектепке дайындық бағыттары бойынша жұмыс істейміз, ұзартылған күн топтары бар, логопедпен, сонымен қатар ағылшын және қазақ тілінде мұғаліммен сабақтар бар. Бір жастан үш жасқа дейінгі балалар бір сағат, 3-6 жас аралығындағы балалар екі сағат оқиды. Жаңа ғимаратқа көшу бізге тағы бір білім беру бағытын, яғни Мария Монтессори әдісі бойынша сабақтарды ашуға мүмкіндік берді», – дейді «Дара» білім беру орталығының директоры Гүлайым Жұмағұлова.

Орталық оқытушылары Қазақстанның ірі қалаларында, сондай-ақ Мәскеу мен Санкт-Петербургте біліктіліктерін арттырды.

«Монтессори кабинеті балалар оқитын аймақтарға бөлінген. Мұнда мұғалім бақылаушы ретінде көбірек әрекет етеді, менің міндетім тапсырманы түсіндіру және балалардың оны қалай орындайтынын бақылау; Сабақтар 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған. Балалар жазуды, зейінін белгілі бір тапсырмаларға аударуды үйренеді, жұмыс істегісі келетін материалдарды таңдайды», – дейді «Dara» білім беру орталығының Монтессори кабинетінің мұғалімі Сәуле Сайдалина.

Shares