Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстікқазақстандық аңшылардан аңшылық және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау сұралады

Солтүстікқазақстандық аңшылардан аңшылық және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау сұралады

Солтүстік Қазақстанда аңшылық маусымы жалғасуда. Осыған байланысты Қызылжар орман шаруашылығының қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты жүргізуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл жұмыс ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп жүргізілуде.

«Әуесқойлық және спорттық аңшылықпен айналысатын облыс тұрғындарынан Қазақстан Республикасының ормандарында аң аулау ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз. Аңшылармен бірге рұқсат құжаттары, қару алып жүруге және сақтауға рұқсат қағазы және аң аулауға рұқсат құжаты болу керек», – деп атап өтті департамент өкілдері.

Сондай-ақ, аң аулау кезінде алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болу әкімшілік жазаға әкеп соғатынын есте ұстаған жөн.

Жалпы, жыл басынан бері табиғатты қорғау полицейлері облыс бойынша 583 аңшылық ережесін бұзудың фактісін анықтаған.

Shares