СҚО-да есірткіге қарсы телеграм бот іске қосылды
Солтүстік Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы арнайы телеграм-бот әзірледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жыл сайын, тіпті күн сайын есірткі тарататын сайттардың саны артып келеді. «Есірткі жеткізушілер» де көбейіп барады. Көбінесе мұндай әрекетке оңай ақша іздеген жасөспірімдер мен әлеуметтік тұрғыда осыл топқа жататын жандар барады.
Есірткі қылмысымен күресу үшін СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы «Қазақстанның болашағы үшін» қорымен бірлесе отырып, тәртіп сақшыларын хабардар ету мақсатында жеделхат ботын іске қосты.
Онда әрбір солтүстікқазақстандық есірткі таратуға қатысы болуы мүмкін күдікті адамдар туралы ақпарат қалдыра алады, сонымен қатар бұрыннан бар сайттардың сілтемесін қалдыра алады.
Ботқа сілтеме: t.me/sko_narkohelp_bot