Болат Малдыбаев пен Асылтас Қабошева Жұмысшы мамандықтары жылы аясында lll дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды
December 25, 2025 09:37

Қазақстан Президенті Солтүстік Қазақстан облысының өңір игілігі жолында ондаған жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан тұрғындарын жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады. Тиісті Жарлық Жұмысшы мамандықтары жылы аясында қабылданды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталғандар:
Болат Батталұлы Малдыбаев — «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл ЖЭО-2 қазандық тазалаушысы. Оның еңбегі қаланың энергетикалық қауіпсіздігінің берік негізі болып табылады.

Асылтас Назарқызы Қабошева — «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ металлқұрылымдарды жинау жөніндегі слесарі. Ол елдегі ең көне қорғаныс кәсіпорындарының бірінде қалыптасқан кәсіби әулеттің өкілі.
