Петропавлда үш күн ішінде жарақат пунктіне 180 адам жүгінді
Қазан айының соңы солтүстікқазақстандықтарға белгілі бір проблемалар әкелді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала көшелері мұзбен жабылған. Алғашқы зардап шеккендер де бар, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Мамандардың айтуынша, үш күн ішінде травматология бөлімшесіне 180 адам жүгінген. 63 петропавлдық құлаған кезде жарақат алған.
Көбісінің иығы шығып кеткен немесе аяқ-қолдары сынған. Негізінен зейнеткерлер зардап шегеді. Қала көшелерінде коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 2200 текше метр құм-тұз қоспасы дайындалды. 180 бірлік техника жұмылдырылды.