Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да «Балақайлар мектебі» жазғы мектепалды даярлау бағдарламасы басталды

СҚО-да «Балақайлар мектебі» жазғы мектепалды даярлау бағдарламасы басталды

June 8, 2026 17:12

Солтүстік Қазақстан облысында қысқа мерзімді «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлау бағдарламасы іске асырыла бастады. Сабақтар маусымнан тамызға дейінгі жазғы кезеңде ұйымдастырылып, бұрын мектепалды даярлықпен қамтылмаған болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған, деп хабарлайды QZ NEWS.

Петропавл қаласында Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектеп базасында болашақ оқушылар дамытушы сабақтарға қатыса бастады.

«Білім беру курсы балалардың физикалық, коммуникативтік, зияткерлік және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын жан-жақты дамытуға, сондай-ақ оқу үдерісіне оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған», – деп хабарлады СҚО білім басқармасы.

Қазіргі уақытта осындай қысқа мерзімді даярлық топтары СҚО-ның Тимирязев ауданы мен Мамлют ауданы аумақтарында да жұмысын бастады.

Салалық ведомствоның мәліметінше, жаз бойы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, өңірдегі мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балаларды барынша қамту көзделіп отыр.

Shares