Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ата-аналар “Күнделік” қосымшасындағы ақылы жазылымға наразы

Ата-аналар “Күнделік” қосымшасындағы ақылы жазылымға наразы

Желіде ата-ананың бейінді ведомствоға шағымы пайда болды. Азаматша “Күнделік” қосымшасында оқушылардың үлгерімі бақыланатын ақылы жазылымға наразылық танытты, деп хабарлайды QZ media тілшісі   “NewTimes.kz” АА-ға сілтеме жасап.

“Білім министрлігінің ақылды мырзалары, сіздер оқушылар мен олардың ата-аналарын күнделік.кз-ті қолдануға міндеттейсіздер. Мен ата-ана ретінде жазылымды төлемейінше үй тапсырмасын немесе баланың үлгерімін көре алмаймын ба? Бұл жөнсіз, аяқталмаған сайтты/қосымшаны әзірлеу және енгізу үшін бюджеттен, яғни салық аударымдарынан ақша төленген де шығар. Бірақ, біз әлі де ақша төлеуіміз керек. Бұл ақшаны нақты кім алады? Бүкіл Қазақстанның ата-аналарынан ақша кімнің қалтасына түседі? Бұл аз ақша емес пе? Бұл ақылды кім, бұл схеманы бүкіл ел деңгейінде кім енгізді? Студияға аты-жөні!”- деп жазды Шұғыла Талғатқызы Faceook парақшасында.

Оның айтуынша, бүгінде олардың мектеп чаты сынып жетекшісінің хабарламаларынан босамайды. Ұстаз қосымшаға кіріп, белсенділікті көрсетуді талап етеді. “Күнделік”арқылы жұмыс істеуге де міндеттейді.

“Мұғалімдерді ешкім аямайды,  олар әрқашан кінәлі атанады. Сіз төлем жасамайынша, күнделік жұмыс істемейді. Бұл қандай міндеттеме? Мен сайт/қосымшаны толығымен тегін әрі сапалы етуді немесе мүлдем жоюды талап етемін. Мен баланың үлгерімін мұғаліммен тікелей талқылай аламын, ал үй тапсырмасын қарапайым қағаз күнделігіне жазғызып, тексере аламын!”- деп түйіндеді ата-ана.

Оқу-ағарту министрлігі қазақстандыққа жауап берді. Жауаптылардың сөзінше, бұл қосымшаның ақылы екенін, өйткені “Күнделік” жүйесі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен емес, жеке инвестициялардан түсетін қаражатқа әзірленгенін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін өз қызметтері мен мүмкіндіктерін өтеусіз негізде ұсынатынын хабарлады.

Қоса кетейік, браузер арқылы жүйені тегін пайдалануға болады. Сондай-ақ, жүйеде келесі білім беру ақпараты тегін:

  • қызметкерлерге арналған журналдар;
  • ата-аналар мен балаларға арналған бағалар, сабаққа қатысу жиілігі;
  • үй тапсырмасы;
  • тақырыптары бар сабақ және қоңырау кестелері;
  • сыныптар/топтар және жалпы білім беру ұйымы профиліндегі хабарландырулар;
  • қызметкерлерге есеп беру.

Барлық ақылы мүмкіндіктерді пайдалану міндетті емес, делінген ескертуде.

Shares