СҚО-да спортшы қауіпсіздік эстафетасын бастады
СҚО-да спортшы, кекушинкай каратэден 4 дан қара белбеу иегері, әлем кубогының иегері, 5-6-7 шақырылымдағы Петропавл қалалық мәслихатының депутаты, “СҚО Қазақстанның жас депутаттары қауымдастығының” төрағасы, “Аманат” партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Владимир Витченко өңірдің ТЖД бірлесе отыра қауіпсіздік эстафетасын ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“Бүкілқазақстандық Кекушинкай каратэ ұйымы “Республикалық қоғамдық бірлестігі” Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Владимир Николаевич Петропавл қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Ең кішкентай каратэшілер жаттығатын спорт залға азаматтық қорғау офицерлері келді. Олар тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.
Әңгіме соңында Владимир Витченко қауіпсіздік ережелері барлығына маңызды екенін атап өтіп, “Қызылжар” футбол клубының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымына эстафетаны жолдады.
“Осындай маңызды әрі сұранысқа ие “қауіпсіздік эстафетасы” халықтың қауіпсіздігін арттыру ісіне елеулі үлес қосатынына және бірнеше адам өмірін сақтап қалатынына сенімдіміз”, – деп атап өтті СҚО ТЖД өкілдері.