Петропавл педагогтарына ерекше балаларды оқытудың жаңа әдістері туралы айтылды
“Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығының бастамасымен Петропавл мектептерінің бірінде инклюзивті білім беру тақырыбына арналған облыстық семинар өтті. Оған 50-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Әр баланың өзіндік ерекшеліктері бар. Әр оқушыға жеке бейімделу үшін мұғалімге бірсыпыра күш жұмсау керек. Тәжірибе алмасу, өзара ынтымақтастық және әріптестік кеңес “ерекше балаларды” оқыту процесін жеңілдетуге көмектеседі. Қоса кетейік, сала өкілдері оқу бағдарламасын оқушылардың қажеттіліктеріне бейімдеуге тырысады.
“Бұл семинарда инклюзивті білім беру шеңберінде заманауи сабақты жобалау қарастырылады, онда инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтар өздерінің шеберліктерін көрсетеді, бүгінгі таңда ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала үшін табысты сабақты қалай құруға болатынын үйретеді”,-деп толықтырды “Өрлеу” БАҰО” АҚ аға оқытушысы Әсем Ахметова.