СҚО-да туберкулезден болатын өлім-жітім ұлғайған
Облыстық әкімдіктің отырысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов өңір басшысына қызылша, туберкулез және окнологиялық ауруларды таратпау және азайту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша онкологиялық сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артты. Ауруды ерте кезеңдерде анықтау 7,8%-ға өсті. Осының арқасында өлім 12,9%-ға төмендеді.
“Туберкулезге қатысты ақпар: 2023 жылы облыста 175 жаңа жағдай тіркелді, ал 2022 жылы 154 жағдай тіркелді. 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 32,8-ді құрады, өсім – 14,3%. Есепті кезеңде 13 өлім жағдайы тіркелді, өлім-жітім көрсеткішінің 9,1%-ға өсуі байқалады. Өлім-жітім құрылымы: 53%-ы – жаңа жағдайлар, 47%-ы – рецидивтер”, – деп атап өтті Құмар Күсемісов облыс әкімдігінің отырысында.
Айта кетейік, қазір СҚО-да таралып жатқан тағы бір қорқынышты ауру – қызылша. Егер өткен жылы өңірде бірде-бір жағдай тіркелмеген болса, бүгінгі күні 30-ға жуық факт тіркеліп отыр. Негізгі бөлігі – вакцинацияланбаған балалар. Осыған байланысты СҚО-да қызылшаға қарсы екпе егу науқаны басталды.