Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қарлы боранға байланысты СҚО-ның кейбір аудандары әлі электр қуатынсыз отыр

Қарлы боранға байланысты СҚО-ның кейбір аудандары әлі электр қуатынсыз отыр

17 қараша, жұма күні СҚО-да жауған қар мен қатты жел электр желілерінің мұздануына және тіректердің қирауына әкелді. Осы кезеңде апаттық бригадалар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар әлі де тексеруді жүргізеді және зақымдануды түзетеді. Нақтылайық, Аққайың, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Есіл және Тимирязев аудандарының тұрғындары жарықсыз қалды. Бірсыпыра ауданда қазір жағдай қалыпқа келді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ең күрделі технологиялық бұзушылық М.Жұмабаев ауданында болды, онда қалалық және аудандық жөндеу бригадаларының күшімен зақымдалған тіректі қалпына келтіру жүргізілді, бұл ауданда электр қуатының толық сөнуіне әкелді. СҚО-ның басқа елді мекендерінің тұрғындары да шағымдарын қарша боратты.

“Аққайың ауданы, Ивановка ауылында сымдар үзілді, бірде-бір бригада келмеді, жұмыс жүргізілмей жатыр”, – деп жазды жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде.

Қызылжар ауданының Бескөл ауылында электрмен жабдықтау әлі қалпына келтірілмеді, деп атап өтті СҚЭТК. Жұмыстың ұзақтығы электр жабдықтарының зақымданған жерлерін іздеумен байланысты. Сала мамандары қазір боранның барлық салдарын тез арада жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

“Бәйтерек ауылы, Қызылжар ауданы. Тәуліктен артық жарық пен су жоқ, ауыз су дүкендерде де жоқ. Бізде жазда да, қыста да жарық жоқ, Қызылжар АЭС тек ақша алады, ал қосалқы станцияға басқа мердігер жауап береді”, ” Бескөлде жөнді жарық қашан болады? Жарық, су және байланыссыз бір күннен артық отырмыз!”,- дейді Қызылжар ауданының тұрғындары.

“Температураның төмендеуі және қатты екпінді желдің салдарынан желілер қатып қалды. Салдарынан техникалық бұзушылық орын алды. Міне, осы себепті айтарлықтай қиындық туындады және тұтынушылардан шағымдар түсті. “Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ электрмен жабдықтауды тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда”,- деп толықтырды “Севказэнерго”АҚ.

 

 

Shares