Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі “Қуаныш” ВК волейболшыларымен кездесті

СҚО әкімі “Қуаныш” ВК волейболшыларымен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қуаныш» волейбол клубының спорт кешенін аралау барысында волейболшылармен және бапкерлер құрамымен кездесті. Өңір басшысы спортшыларды Қазақстан кубогын жеңіп алуымен құттықтап, келесі аптада осында өтетін Суперкубок ойынында жеңіс тіледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, “Қуаныш” волейбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Финалда біздің волейболшылар Алматы командасын 3-1 есебімен жеңді. Біздің қыздар бұл жетістікке ұзақ және табанды түрде жетті.

“Бұл – бүкіл команда мен жаттықтырушылардың еңбегі. Спорт әуесқойларын Солтүстік Қазақстан волейболының жоғары жетістіктерімен құттықтаймын. Жеңіс құтты болсын!”,- деді облыс әкімі

Сондай-ақ өңір басшысы қаламыздың көрікті жері – сирек ағаштар мен өсімдіктер өсетін ботаникалық баққа барды.

“Біз осы бірегей нысанды сақтау үшін қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз”, – деп жазды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желілерде.

Shares