Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауылдарды электрмен жабдықтау мәселесіне тоқталды

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауылдарды электрмен жабдықтау мәселесіне тоқталды

Депутаттар алдындағы есепті кездесуі барысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауылдарды электрмен жабдықтау жөніндегі жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

18 және 22 қарашада облыс бойынша өте қолайсыз ауа райы болды – қарға ауысқан жаңбыр, желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетті. Электр желілерінің мұздануы 183 ауылда электр қуатының өшуіне әкелді.

«Облыста барлық қызметтердің іс-қимылын үйлестіретін штаб жұмыс істейді. Бірінші кезекте барлық әлеуметтік нысандар бақылауға алынды, олар үздіксіз жылытылуы үшін резервтік электрмен қамтамасыз етілді.  Мағжан Жұмабаев ауданындағы “СевКазЭнерго” бағанасының зақымдалуына байланысты аудан толығымен тоқтан айрылды. Бұл – ең күрделі жағдай», – деді өңір басшысы.

Булаевоны және қалаға жақын ауылдарды жедел энергиямен қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізілді. Елдімекендер уақытша көрші елден электрмен қамтылды. Ауданның қалған бөлігі тоқты Ақмола облысының “Көкшетау Энерго” ЖШС-дан алады.

“Қазіргі уақытта “Көкшетау Энерго” ЖШС-ның жөндеу-авариялық бригадалары 3 ауданда жұмыс жүргізуде, бұл – 10 ауыл. Сондай-ақ, “СевКазЭнерго” АҚ 46 жөндеу-авариялық бригадасы жұмыс істеуде, 82 бірлік техника жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары 6 ауданның 30 ауылында жүргізілуде. Бұл мәселе тұрақты бақылауда”, – деді облыс әкімі.

Shares