Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да қызылшаның 49 жағдайы расталды

СҚО-да қызылшаның 49 жағдайы расталды

Жыл басынан бері облыста қызылшаға күдікті 77 жағдай анықталды, оның 49-ы зертханада расталды. 3 – импорттық жағдай, 46 – жергілікті жағдай. Өткен жылы бұл ауру аймақта болған жоқ, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Аурушаңдық жағдайының көбеюі халықтың екпе алмауына байланысты болып отыр. 42 адам вакцинацияланбаған болып шықты: олардың үштен бірі өз сенімдеріне байланысты екпе қойдыртпаған, дейді мамандар. Алдын алудың бірден-бір пәрменді шарасы вакцинация екенін ескере отырып, 6 қарашадан бастап халықты қосымша жаппай иммундау жалғасуда. Мәселен, облыста қызылшаға қарсы 1661 бала егілді. Қазақстанда ел аумағында тіркелген вакциналар қолданылады, олар сипаттамалары бойынша ДДҰ-ның барлық талаптарына сәйкес келеді.

“Қызылшаның белсенді иммунопрофилактикасы үшін тірі қызылшаға қарсы вакцина қолданылады. Оның мақсаты-қандай да бір себептермен иммунитеті дамымаған балаларды қорғау. Егер сіз қандай да бір себептермен балаңызды қызылшаға қарсы егпеген болсаңыз, оны кідіріссіз жасаңыз, себебі, қызылша – өте қауіпиі инфекция”, – деп атап өтті СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

 

 

 

Shares