СҚО-да қандай бизнес сұранысқа ие?
СҚО қоғамдық кеңесінде өңірдегі жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Өз ісін ашқысы келетіндер үшін облыста өткен жылдан бері онлайн режимде “Бастау бизнес” атты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері 1234 адам оқуын аяқтады.
“Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға ниетті 273 адамға өтеусіз гранттар берілді. Олар – әлеуметтік осал санаттан шыққан жандар. Оның ішінде 101 жас бар. Грант мөлшері 1,4 млн теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған 273 гранттың – 150 гранты, қызмет көрсету саласына – 89 және өндіріс саласына 34 грант берілді”, – деді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі.
Жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін ағымдағы жылы жылдық үстемеақысы 2,5% құрайтын шағын несиелендіру тетігі іске қосылды. Жеңілдікті тетік 35 жасқа дейінгі жастарға арналған. Кредит мерзімдері – 5 жылдан 7 жылға дейін, кредиттік демалыстар – кредит мерзімінің 3/1 дейін.
“Жыл басынан бері 650 млн теңгеге 150 шағын несие берілді. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға берілген 150 кредиттің ішінде – 394 млн теңгеге 90 өтінім, қызмет көрсету саласына 228,8 млн теңгеге 54 өтінім және өндіріс саласына 27,2 млн теңгеге 6 өтінім жолданды”, – деп атап өтті СҚО қоғамдық кеңесінде.