Әйелін қыс ішінде үйден қуған, әжесі мен әкесінің мазасын қашырған: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа неге жол бермеу керек?
Жыл басынан бері облыстың тұрмыс саласында барлығы 1874 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олар бойынша 487 адам әкімшілік қамауға алынды, 279 адам ескерту алды, 6 адамға айыппұл салынды. Өңірде тәртіп сақшылары “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын және “Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні” акциясын өткізуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары уақытша болу орталығы – тәртіпсіз күйеуден жасырынатын қауіпсіз орын. СҚО-да осында жүгінетіндердің саны артуда. Орталық 20 адамға арналған. Балалары бар әйелдер бұл жерде 6 айға дейін тұра алады. Осы уақыт ішінде олар психологиялық және заңгерлік көмек ала алады, мамандық игереді, күйеулеріне тәуелді болмас үшін жұмыс таба алады. Кейбір әйелдер мұнда өздері жүгінеді, ал кейбірін учаскелік полиция инспекторлары жеткізеді.
Осындай жағдайға Тайынша ауданының 36 жастағы тұрғыны тап болды. Оны күйеуі қыстың басында үйден қуып жіберіпті. Әйел учаскелік кеңсеге жүгінген. Нәтижесінде 4 және 8 жастағы екі баласымен бірге орталықтан уақытша орын тапты.
“Мен күйеуіме бұрын арыз жазатынмын. Ылғи өкініп, арыздарды қайта алып отырдым. Ұрыстан үйге кетіп, бірақ қайта келетінмін. Баяғыда нақты шешім қабылдауым керек еді. Ештеңеден қорықпаңыздар! Мен сияқты жасаңыздар!Алдымен учаскелік инспекторға хабарласыңыздар, ол әрі қарай көмектеседі”,- деп жан сырын ақтарды азаматша.
Учаскелік инспекторға маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген 23 жастағы петропавлдық та алғысын білдірді. Бұрын жас жігіт әкесі мен әжесіне көрсетпегенді көрсетіпті. Енді ол ішімдікті тастап, жұмыс тапты. Тәртіп сақшылары оны “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы мен “Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні” акциясы аясында жасалған рейд барысында тексерді.
ЖАШ кезеңінде тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған адамдарды тексеру күшейтілді. Нәтижесінде тәртіпсіз тұлға анықталып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Одан қарт әкесі қиындық көріпті. Келесі күні әкімшілік соттың шешімімен тәртісіз теріскейліктің ерекше талаптар қойылды. Атап айтқанда, оған алкогольді ішуге тыйым салынды. Егер ол талапты орындамаса, қатаң жауапкершілікке тартылады.