Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда әскери логистиканы дамыту перспективалары талқыланды

Петропавлда әскери логистиканы дамыту перспективалары талқыланды

Облыс орталығында ҚР Ұлттық ұланы Академиясының халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Жиналғандар әскери логистиканы, тарихты, саланың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Әскери логистиканы дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ білім беру үдерісіндегі инновациялар Петропавлда алғаш рет өткен кеңейтілген конференцияда талқыланды. Әскери логистика және әскерді тылмен қамтамасыз ету басты назарда болуы тиіс. Шараға қазақстандық спикерлер ғана емес, онлайн форматта таяу шет елдердің өкілдері де қатысты.

“Талқылаудан кейін біз бірқатар келісімге қол қоямыз. Атап айтқанда, ҚР ҰҰ Академиясының тыл кафедрасы, Құрлық әскерлері Әскери институтының тыл кафедрасы, ҰҚК ШҚ Академиясы және Қозыбаев университетінің инженерия және цифрлық технологиялар факультеті арасында техникалық және ғылыми саланы одан әрі дамыту және ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалады”, – деп атап өтті ҚР ҰҰ академиясы тыл кафедрасының бастығы Таир Набиев.

 

 

Shares