Петропавл қаласының тумасы Алматыдағы өрт кезінде қаза тапты
Алматыда болған қайғылы оқиға 13 адамның өмірін қиды. Олардың арасында Петропавл қаласының тумасы, 2001 жылы туған Суинат Садықов бар. Қайғылы жағдайдың себептерін тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Оны төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов басқарады. Ол оқиға орнына шұғыл ұшып жетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
ТЖ орнында қала әкімі Ерболат Досаев болып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта барлық эвакуацияланғандарға уақытша баспана беріліп, тамақтандыру ұйымдастырылғанын атап өтті. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын-ала мәліметтері бойынша, өрт ошағы бір жарым ай бұрын қонақ үйге айналдырылған жертөле дәлізінде болған. Әкімдік өкілдері оның иелері студенттердің тұруы туралы меморандум жасамағанын мәлімдеді.
“Өрттен кейін бізге 4 пациент жүгінді. Бір науқас улану диагнозымен токсикология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы арташа ауыр, тұрақты. Қалған үш науқасты біз толық медициналық тексеруден және психологиялық көмектен кейін тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жібердік”, – дейді Алматы қалаладық ЖШККА қабылдау бөлімішесінің меңгерушісі Бауыржан Омаров.