Қазақстандықтарға жазғы дөңгелектер үшін айыппұл салына бастады
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жазғы дөңгелектер үшін айыппұл салына бастады. 2024 жылдың 1 наурызына дейін жүргізушілер қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі
Бұзушылықтар анықталған жағдайда полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтатуға және бұзушылықтар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы. Айыппұлдың ең төменгі мөлшері – 5 АЕК. Бұл – 17 мың теңгеден сәл артық. Егер бір жыл ішінде жүргізуші осы бұзушылыққа қайтадан жол берсе, онда айыппұл сомасы екі есе артады.