Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Қозыбаев университетінің студенті қазақ күресінен өткен Азия кубогында жүлделі орынға ие болды

Қозыбаев университетінің студенті қазақ күресінен өткен Азия кубогында жүлделі орынға ие болды

Жезқазған қаласында қазақ күресінен 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында ҚазКСР халық ағарту ісінің көрнекті қызметкері Қабен Шыңғысовты еске алуға арналған Азия Кубогы өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістаннан 200-ге жуық балуан қатысты. Жарыста Қозыбаев университетінің студенті Әділет Мырзаш (ДШФ-23Қ) лайықты өнер көрсетіп, 3 жүлделі орынға ие болды.

Балуан – университет қабырғасындағы спорт клубының аға жаттықтырушысы Дәурен Нұрғожиннің шәкірті.

Shares