Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл автобус паркі 2024 жылы толығымен жаңартылады

Петропавл автобус паркі 2024 жылы толығымен жаңартылады

Петропавлда 18 қалалық автобус бағыты жұмыс істейді. Күн сайын маршрутқа шамамен 185 бірлік көлік шығады. 2021 жылдан бастап қалалық автобус паркі 51% жаңартылды. Бұл туралы брифинг барысында облыс орталығының басшысы Серік Мұхамедиев айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қала тұрғындары атап өткендей, Петропавлда автобус тасымалы әлі де көп өзгерісті қалайды. Жаңа автобустар сатып алуға және олардың маршруттарын өзгертуге қарамастан, облыс орталығының жолдарымен бүгінгі күннің өзінде 75-ке жуық ескі, кішкентай қоғамдық көліктер қатынайды. Олардың іші қазіргідей суық ауа райында салқындап кетеді. Жүру мүмкін емес. Әрине, оларды ауыстыру жұмыстары әлі де жалғасуда, бірақ іс өте баяу жүргізілуде. Петропавлдықтардың көңілі түсінкі.

“Биыл “Kyzylzhar Buses” ЖШС 10 жаңа автобус сатып алды. 2024 жылдың басында тағы 10 жаңа шағын автобус жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша, автобус паркі 65% жаңартылады. 2024 жылдың соңына дейін жылжымалы құрамның қалған 35% жаңартуды жоспарлап отырмыз”, – деп атап өтті Серік Мұхамедиев.

Қала басшысы атап өткендей, автобус тасымалы аса тиімді емес. Жыл сайын бұл салаға субсидия бөлінеді. Ол шамамен 2 млрд теңгені құрайды. 2024 жылы жаңа әрі кең автобустар жеткізілгеннен кейін олардың қозғалыс бағыттары қайта қаралады.

Shares