Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Смирноводағы өрт: 22 жастағы жігіттің жағдайы әлі де ауыр

Смирноводағы өрт: 22 жастағы жігіттің жағдайы әлі де ауыр

СҚО Денсаулық сақтау басқармасында 8 желтоқсан күні Смирноводағы өрттен зардап шеккен 22 жастағы жігіт жайлы айтылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Жағдайы ауыр. Ол реанимация бөлімшесінде жатыр. Күйік шогынан шығарылды, дегенмен әлі де жағдай мәз емес. Қалпына келтіру үшін көп уақыт қажет. Әзірге ешқандай болжам жасамаймыз”, – деп атап өтті облыстың денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, зардап шеккен жігітті жедел жәрдем бригадасы Аққайың аудандық ауруханасына жеткізді. Ол шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Қабылдау кезінде жігіттің жағдайы қатты күйік пен күйік шогына байланысты өте ауыр деп бағаланды.

Азаматтың екі қолының жоғарғы бөлігін, арқаны, басты, бетті, екі жамбастың алдыңғы бетін 2-3 AB дәрежеде термиялық күйік шалған. Ауданы – 60%. Жоғарғы тыныс жолдары да күйген.

Хабар алғаннан кейін санитарлық авиация желісі  арқылы Аққайың аудандық ауруханасына шұғыл түрде анестезиолог-реаниматолог және травматолог-камбустиолог дәрігер жіберілді.

Осыдан кейін өмірлік функцияларды тұрақтандыру үшін пациент санитариялық авиация бригадасымен, реаниматолог дәрігердің сүйемелдеуімен “Көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының” мамандандырылған травматология бөлімшесіне жеткізілді.

 

 

Shares