Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиев: “Ауланы жақсарту жөніндегі жұмысқа жаңа көзқарас керек”

Серік Мұхамедиев: “Ауланы жақсарту жөніндегі жұмысқа жаңа көзқарас керек”

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев аула аумақтарын абаттандыруға баса назар аударды. Қалада барлығы 593 аула бар. Ағымдағы жылы кезекке сәйкес 34 балалар ойын алаңы мен 42 спорт алаңы пайда болды. Асфальттау 15 аулаішілік аумақта жүргізілді, деп хабарлайды QZ Млedia тілшісі.

Қала басшысы атап өткендей, болашақта аулаларды абаттандыру тәсілін қайта қарау қажет.

“Аула алаңдарын жақсарту жөніндегі жұмысқа жаңа көзқарас қажет деп санаймын. Бір ауланы жөндей бастағанда, жақын маңайды қамту керек. Осылайша, бір аула келесі ауланы толықтырады. Бұл қалалықтардың өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жақсартатын төңіректі толығымен жабдықтауға мүмкіндік береді. Аумақтарды кешенді абаттандыру 2024 жылдан басталады және 90-ға жуық ауланы қамтиды”, – деді Серік Мұхамедиев.

Shares