Петропавлдағы желілердің орташа тозуы шамамен 70% құрайды
Жеке апаттар, суды және электр қуатын шұғыл өшіру. Петропавлда сумен жабдықтау желілерінің тозуы – 57,9%, су бұру желілері – 61,7%, ал электр желілерінің тозуы 89% құрайды. Жергілікті атқарушы органдардың жағдайды жақсарту үшін қабылдаған шаралары туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында қала басшысы Серік Мұхамедиев айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Қызылжар Су” ЖШС балансында тұрған желілердің жалпы ұзындығы: сумен жабдықтау — 344, су бұру – 257 километр. ТКШ желілерінің ұзындығы 60 шақырымнан сәл асады. Биыл жергілікті билік 3,5 шақырым су құбырына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізді, 2 шақырымнан сәл астам кәріз желілері мен 115 ұңғыманы қалпына келтірді.
“Өздеріңіз білетіндей, 9 қарашадан бастап қалада техногендік сипаттағы, жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды. Оның шеңберінде 700 м Д800 құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен 9 ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді. Бұл – 5 су құбыры және 4 коллектор”, – деп атап өтті Серік Мұхамедиев.
Электрмен жабдықтауға келетін болсақ, биыл “СҚ ЭЖТК” АҚ ұзындығы 4,19 км болатын 0,4-10 кВ жөндеді. Сонымен қатар, 4 трансформаторлық қосалқы станцияда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қаланың коммуналдық меншігіндегі желілер бойынша ұзындығы 4 шақырым болатын кабельдік желілерді қалпына келтіру жұмыстары орындалды.