Қызылжар ауданында Қырғызстан азаматтарына көмек көрсетілді
Қызылжар ауданы Чапаево ауылы маңындағы “Астана-Петропавл” тас жолында қырғыз азаматтары басқарған Volvo автокөлігі апаттық жағдайда тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Автокөлікте дизель отыны қатып қалыпты. Оқиға орнына аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары дереу барды. Көршілес елдің екі азаматы Чапаево ауылында орналасқан жылыту пунктіне көшірілді.
“Оларға түнеу орны мен тамақ берілді. Мұны Қызылжар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырды. 9 желтоқсанда әкім мен ТЖБ қызметкерлері көлік құралын қыздыру бойынша көмек ұйымдастырды. Осылай көлік іске қосылды. Осыдан соң Қырғызстан азаматтары қиын сәтте көмектескендердің барлығына шын жүректен алғыс айтып, сапарды жалғастырды”, – деп толықтырды СҚО ТЖД.