Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жатақханада есірткі сатқан нәзікжанды көршілерінің шағымынан соң құрықталды

Жатақханада есірткі сатқан нәзікжанды көршілерінің шағымынан соң құрықталды

Жатақханада тұратын әйел бөлмесінде есірткі сатады. Әрі сол жерде қолдануға рұқсат береді. Петропавлдағы жатақханалардың бірінде тұратын адамдар полицияға осындай шағыммен жүгінген, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақпаратты тексерді. 47 жастағы қала тұрғыны “тұз” деген атаумен белгілі α-PvP есірткісінің төрт түйіншегімен ұсталды.

ПД хабарлауынша, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті күзетпен қамауға алынды. Қала тұрғыны төртінші сыныпта оқитын қызын тәрбиелеп отыр.

Қыз бала әжесіне берілді. Ол жақын арада қамқорлық ресімдеуді жоспарлап отыр.

 

 

Shares