Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда №2 жылу магистралі құрылысының жобасы әзірленуде

Петропавлда №2 жылу магистралі құрылысының жобасы әзірленуде

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Петропавл жылу желілері» серіктестігіне барып, онда мамандар жылыту маусымының өтуі туралы баяндап, жылу желілерінің тозуын азайту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы айтылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Биыл Петропавлда 8,3 км жылу желілері және 51 стансада сорғы қондырғылары жөнделді, 3,8 шақырымға жылу оқшаулау жұмыстары жүргізілді. 2 жылу магистралінің құрылысы жүргізілуде, жобаның арқасында облыс орталығының солтүстік бөлігін жылумен қамту жақсара түспек.

Сондай-ақ, №2 жылу магистралі құрылысының жобасы әзірленуде. Жалпы, «Петропавл жылу желілері» кәсіпорнымен бірлесіп, жылыту жүйесін жаңарту бойынша 2024-2029 жылдарға арналған жол картасы әзірленді, бұл желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік береді.

Shares