Петропавлдық полипропилен ыдысын өндіруші дәстүрлі “Іскер” сыйлығының лауреаты атанды
“SMBGROUP Family” ЖШС “Алтын сапа” сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде жыл сайын берілетін “Іскер” арнайы сыйлығымен марапатталды. Іс-шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Биылғы жылы 221 компания президенттік “Алтын сапа” сыйлығын алуға өтінім берді. Оның ішінде екі солтүстікқазақстандық ұйым бар: “Изолит” ЖШС мен “Қазетөнім” ЖШС. Алғашқысы инновациялық электр оқшаулау материалдарын өндіреді. Өнім ішкі нарықта белсенді саудаланады. Сондай-ақ экспортқа да шығарылады. Ал “Қазетөнім” ЖШС жоғары сапалы өнімдерімен көпшілікке танымал. Кәсіпорын экономикалық тұрақтылық ие.
“«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған 9 компаниясының 7-еуі Астанадағы республикалық кезеңде біздің өңірді таныстырды. Олардың қатарында “SMBGROUP Family” ЖШС де болды. Салыстырмалы түрде айтсақ, серіктестік жас, бірақ мол табысқа ие. 2020 жылдан бастап кәсіпорын биг-бэг және слинг-бэг өндірісімен айналысады. Айта кетейік, “SMBGROUP Family” бұл байқауға алғаш рет қатысты. Соның өзінде Астанада “Алтын сапа” және “Қазақстанның үздік тауары” қатысушыларының арасынан өз қызметінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген және өз тауарларын үнемі жетілдіруге ұмтылатын компанияларға берілетін “Іскер” байқауының арнайы жыл сайынғы сыйлығымен марапатталды. Жеке өзімнің және Кәсіпкерлер Палатасы ұжымының атынан компания басшысы Садуов Мұқан Батырбекұлын лайықты марапатымен құттықтаймын! Мұндай беделді байқауға алғаш рет қатысып отырған осындай жас кәсіпорын үшін бұл керемет нәтиже мен ынталандыру деп санаймын”, – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.
Петропавлда полипропилен ыдыстарын өндіру 2020 жылы СҚО мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы және индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жоба шеңберінде іске қосылды. Кәсіпорында 234 қызметкер жұмыс істейді. Компанияның негізгі өнімдері – заманауи жабдықты пайдалана отырып жасалған үлкен биг-бэгтер, вагон төсемдері және слинг-бэгтер сияқты жұмсақ контейнерлер.
“Біздің компания өз қызметін 2020 жылы бастады. Пандемияға және полимерлер құнының жиі өзгеруіне қарамастан үш жыл ішінде өндірілетін өнімнің жоғары сапасына шыға алды. Қазақстанның тау-кен өндіру саласындағы және өзге де саладағы үздік компаниялар мойындаған ұйымға айналды. Бүгінгі таңда компания ұжымының үйлесімді жұмысы бізді жеңіске жетелеп, “Іскер”сияқты марапатқа ие болдық деп санаймын. Біз өзіміз өндіретін өнімдердің осындай жоғары деңгейде бағаланатынына өте қуаныштымыз және мақтанамыз. Өз тауарларымыздың сапасын жақсарту үшін одан әрі жұмыс істейтін боламыз. Өндіріске келсек, тапсырыс берушінің талаптарына арнайы бейімделуі мүмкін әртүрлі модификациялы контейнерлерді шығарамыз. Мысалы, үлкен биг-бэгтер сусымалы жүктерді тасымалдау және сақтау үшін пайдаланылады, ал ауыр жүктерді тасымалдауға арналған арнайы контейнерлер слинг-бэгтер деп аталады. Олардың жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейін жетеді. Сондай-ақ, біз полипропилен ыдыстарының басқа да түрлерін шығарамыз, мысалы, шағын қаптар мен вагон төсеніштері. Біз өнімді ішкі нарықта да, көрші елдерге де сатамыз, экспортқа сатылатын өнімнің шамамен 39-40% тиесілі. Биыл біз “ҚР полимер өнімдерін өндірушілер қауымдастығын” құрудың белсенді қатысушылары болдық”, – деп атап өтті “SMBGROUP Family” ЖШС директоры Мұқан Садуов.
Қазіргі уақытта кәсіпорын зауыттың өндірістік қуатын арттыру бойынша жұмыстармен белсенді айналысып жатыр. Жаңа заманауи жабдықтарды орнату өндіріс көлемін едәуір арттыруға және өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.