Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » 1200 тоннадан астам өнім: Петропавлда Республика күніне арналған ауқымды жәрмеңке өтті

1200 тоннадан астам өнім: Петропавлда Республика күніне арналған ауқымды жәрмеңке өтті

October 24, 2025 15:00

Петропавл қаласының Жұмысшы кентіндегі М.Жұмабаев және Космонавтар көшелерінде ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам жергілікті тауарөндірушілер мен кәсіпорындар қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Республика күні қарсаңында облыс орталығының тұрғындары үшін нағыз мерекелік шара өтті. Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан және қалалық кәсіпорындардан келген өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. Қала тұрғындарына табиғи өнімдер мен концерттік бағдарламаға ұсынылды. Егін мерекесіне 1200 тоннадан астам өнім әкелінді: ет, балық, сүт өнімдері, жарма, ұн, көкөніс және тәтті тағамдар.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс орталығының тұрғындарына 52 тонна ет пен шұжық өнімдері, 12 тоннадан астам сүт өнімдері, 45 тонна ұн мен жарма, 4,5 тонна бал, 5 тонна балық, шамамен 110 мың дана жұмыртқа, 194 тонна картоп және 780 тонна мал азығы жеткізілді.

Жәрмеңкеге келген әрбір тұрғынның көңілі толды. Өнім түрі өте көп — барлығы өзіне қажеттісін таба алды. Барша қала тұрғындары жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға мүмкіндік алды — бағалар қолжетімді әрі лайықты деңгейде болды. Кәсіпкерлер тауарларға ұсынылған баға шегін сақтады. Жәрмеңкеге келген қала тұрғыны ұйымдастырылған тағам мерекесіне ризашылығын білдірді:

– Барлығына көңілім толды! Тартылған ет, таза ет пен жұмыртқа сатып алдым, енді жидек алмақпын – өте әдемі әрі тартымды. Дәмін татып көрдім – тамаша! Біз үшін жәрмеңкені жоғары деңгейде ұйымдастырған, – деді петропавлдық тұрғын.

Жәрмеңкеге өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев те келіп, қала тұрғындарымен және кәсіпкерлермен тілдесті. Олар мұндай шаралардың жергілікті өндірушілерді қолдаудағы маңызын атап өтті.

Shares