Қаланың үш базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
August 22, 2023 11:30

26 тамызда облыс орталығында аудандардан келетін жеткізушілердің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жәрмеңкеге келесі аудандар қатысады:
– «Алтын Арман» базарында: Айыртау, Тайынша, Шал ақын;
– «Қызылжар Ақбастау» базарында: Аққайың, Қызылжар;
– «Дария» базарында: М.Жұмабаев ауданы
Сауда 8:30-да басталып, 12:00-ге дейін жалғасады.
