Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Солтүстік Қазақстан облысы Астана жәрмеңкесіне 800 тонна ауыл шаруашылығы өнімін алып келді

Солтүстік Қазақстан облысы Астана жәрмеңкесіне 800 тонна ауыл шаруашылығы өнімін алып келді

October 18, 2025 16:00

Солтүстік Қазақстан облысы дәстүрге сай өз өнімдерін елордада өтетін жыл сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ұсынды. Биыл өңір астаналықтар арасында жоғары сұранысқа ие шамамен 800 тонна өнім жеткізді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Жәрмеңкеге СҚО-ның 13 ауданынан және Петропавл қаласынан келген 120-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысуда. Олар өңірдің ірі кәсіпорындарының үздік өнімдерін ұсынды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің ел аграрлық секторындағы маңыздылығын атап өтті.

«Біздің өңір – Қазақстанның аграрлық саласында көш басындағылардың бірі. Біз тұрақты түрде өнімділік, өндіріс және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі бойынша алдыңғы қатардан көрінеміз. Солтүстікқазақстандық өндірушілердің өнімі әрдайым елордалықтар арасында жоғары сұранысқа ие. Бұл ең алдымен өнімнің сапасына, кең ассортиментіне және қолжетімді бағасына байланысты», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Осылайша, елорда тұрғындары сапалы фермерлік өнімдерді тікелей СҚО өндірушілерінен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Shares