Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО агробизнес өкілдері Серік Малаев пен Бахтияр Оспанов Қазақстан Президентінен награда алды

СҚО агробизнес өкілдері Серік Малаев пен Бахтияр Оспанов Қазақстан Президентінен награда алды

November 14, 2025 20:18

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің II форумы өтті. Іс-шара барысында еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды, деп хабарлайды QZ NEWS Ақордаға сілтеме жасап.

«Ең алдымен, барлық ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Бұл – шынымен де еңбексүйгіш жандардың мерекесі. Фермерлер, мал шаруашылығы мамандары, диқаншылар – барлығы еліміздің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы әрдайым ерекше назарда екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланы қарқынды дамытуға айрықша мән беретінін жеткізді. Форум аясында ҚР Президенті саланы дамытуға елеулі үлес қосқан солтүстікқазақстандық аграршылардың еңбегін жоғары бағалады. Мемлекет басшысының Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысынан марапатталғандар:

Серік Малаев, Ғабит Мүсірепов ауданының «Акселеу» ЖШС басшысы – «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды

Бахтияр Оспанов, «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС бас директоры – «Құрмет» орденімен наградталды

Бұл жоғары мемлекеттік наградалар – өңірдің аграрлық саласын дамытуға зор үлес қосып келе жатқан солтүстікқазақстандық аграршылардың кәсібилігі мен көпжылдық адал еңбегінің бағалануы.

Shares