Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда жаңа шығармашылық маусым басталды

Петропавлда жаңа шығармашылық маусым басталды

September 15, 2023 18:37

Күзде еліміздің барлық театрларында жаңа театр маусымы басталады. QZ Media тілшісі қыркүйек айына жоспарланған қойылымдар туралы мәлімет ұсынады.

16 қыркүйекте облыстық қуыршақ театрының әртістері кішкентай қонақтарын күтеді. 12:00-де «Тоқта! Қауіп» қойылымы сахналанады. Онда балалардың негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы айтылады. Шығарма 17 қыркүйекте сол уақытта қайта көрсетіледі. 23 қыркүйекте жас көрермендер мен олардың ата-аналары «Гусенок» спектаклін тамашалай алады. 24 қыркүйекте «Удивительная история Огогоха» қойылымы жоспарлануда. Ал 30 қыркүйек күні – «Папа, мой милый папа» шығармасы көрерменге жол тартады. Барлық қойылымдар сағат 12:00-ге жоспарланған.

Сондай-ақ, 22 қыркүйекте облыстық филармония өзінің концерттік маусымын ашады. Бұл күні алғашқы үлкен концерт жоспарланған. 27 қыркүйек сағат 18:30-да Игібай Әлібаевтың 120 жылдығына арналған концерт өтеді. 29 қыркүйек сағат 18:00 және 20:00 «Игра» неондық лазер шоуы өтпек. Ал 30 қыркүйек күні сағат 18:00-де солтүстікқазақстандықтар “Теплый поцелуй осени” концертін тамашалайды.

 

 

Shares