Қазақстанда 448 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуда

Қазақстанда 2025 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6% болды. Бұл көрсеткіш бір жыл бойы тұрақты сақталып келеді. Елде барлығы 448 556 жұмыссыз азамат тіркелген, деп хабарлайды QZ NEWS NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда 448 556 жұмыссыз азамат болды – бұл алдыңғы тоқсанға қарағанда сәл аз. Дегенмен жұмыссыздық деңгейі бір жыл бойы өзгеріссіз – 4,6% болып тұр.
Аймақтық деңгейде жұмыссыздардың ең көп үлесі Маңғыстау және Павлодар облыстарында тіркелген – әрқайсысы 5,1%. Қарағанды облысы ең төменгі көрсеткішпен ерекшеленген – 4%.
Астанада жұмыссыздық 4,3%, Алматыда – 4,4%, Шымкентте – 4,7% деңгейінде.
Айта кетейік, шын мәнінде жұмыссыз азаматтар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Себебі Қазақстанда жұмыссыздық Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) әдістемесі бойынша анықталады: 15 жастан асқан, табысты жұмыс істемейтін, белсенді түрде жұмыс іздеген және жақын арада еңбекке қосылуға дайын адамдардың жалпы еңбек күшіндегі үлесі ретінде есептеледі.
Еліміздің жалпы еңбек күшіне 9 778 691 адам кіреді. Оның ішінде: 448 556 – жұмыссыз, 9 330 135 – жұмыс істейтіндер. Жұмыс істейтіндердің ішінде: 7 155 420 – жалдамалы қызметкерлер, 2 174 715 – жеке кәсіппен айналысатындар.
Тағы 4 622 116 адам еңбек күшіне кірмейтін санатқа жатады: үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, оқушылар және тағы басқа топтар.
