ҰБТ–2026: талапкерлер үшін шекті баллдар жарияланды

2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) бойынша ең төменгі шекті баллдар белгілі болды, деп хабарлайды QZ NEWS Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҰБТ форматы бұрынғыдай 5 пәннен тұрады: 3 міндетті және 2 бейіндік пән.
- Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
- Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
- Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
- Бірінші бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
- Екінші бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
Осы жылдың қыркүйек айында ҰБТ форматы елеулі өзгерістерге ұшырайтыны хабарланған болатын. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ETS халықаралық сарапшыларымен бірлескен арнайы жұмыс тобы құрылып, тестілеудің әдістемесі мен мазмұнын түбегейлі қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те Қазақстанға жасанды интеллекттің дамуын ескере отырып, ҰБТ өткізу ережелерін жаңарту қажет екенін атап өткен еді.
Елімізде ҰБТ өткізу ережелері алғаш рет 2017 жылы бекітілген. Кейінгі жылдары оларға бірнеше рет түзетулер енгізілді.
Қазіргі формат бойынша тестілеу 5 пәннен тұрады: үш міндетті және екі бейіндік пән. Барлығы 120 тест тапсырмасы беріледі:
- Қазақстан тарихы – 20 сұрақ,
- математикалық сауаттылық – 10,
- оқу сауаттылығы – 10,
- екі бейіндік пәннен – 40 тапсырмадан.
Емтихан уақыты 4 сағат (240 минут), ал ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға қосымша 40 минут беріледі. Тестілеу электронды немесе қағаз форматында өткізіледі. Тест аяқталған соң талапкерлер нәтижеге және тапсырмалар мазмұнына апелляция беруге құқылы.
