Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтеріледі

September 1, 2023 16:22

Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Мемлекет басшысы азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі. Осылайша, еңбекақының ең төменгі мөлшері үш жыл ішінде екі есе көбеймек.

«Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жолдауда Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды екенін де атап өтті.

 

 

Shares