Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Qyzyljar АЭА қатысушысы «Nord Panels» ЖШС Эстонияда фанера зауытын ашады

Qyzyljar АЭА қатысушысы «Nord Panels» ЖШС Эстонияда фанера зауытын ашады

November 18, 2025 19:00

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған делегация Астанада өткен Қазақстан–Эстония бизнес-форумына қатысты. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Президенті Алар Карис те қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS.

Форум аясында «Nord Panels» ЖШС Эстонияның жеке порты Port of Sillamäe AS-пен келісімшартқа қод қойды. Келісімге сәйкес Силламяэ портының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту және оның аумағында фанера зауытын салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады.

«Nord Panels» үш жыл ішінде кемінде 5 млн еуро көлемінде инвестиция құюды, өндірісті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді, фанера шығаруды жолға қоюды және жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Болашақ зауыттың қуаттылығы жылына 30 000 м³ өнімге дейін жетеді. Барлық өнім еуропалық сапа және экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сай өндіріледі», – делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Эстония арасындағы сауда байланыстары жыл сайын нығайып келеді. 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында өзара сауда көлемі 5,9 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 1,5 есе жоғары болды.

Shares