Солтүстік Қазақстан облысында жол қызметтері автожолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеуді бастады
November 10, 2025 08:41

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды түрде басталды, деп хабарлайды QZ NEWS.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, қар түсуімен бірге өңірдегі жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жолдар қардан тазартылып, көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы материалдармен өңделуде. Бұл – көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жасалуда.
Мамандар жүргізушілерге көктайғақ пен боранды күндері барынша мұқият болып, жылдамдықты асырмауға және қашықтықты сақтауға кеңес береді.
