Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі спорт нысандарының құрылысына бақылауды күшейтуді тапсырды

СҚО әкімі спорт нысандарының құрылысына бақылауды күшейтуді тапсырды

November 20, 2025 14:50

СҚО-да спорттың дамуы облыс әкімдігінің отырысында талқыланды. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанованың айтуынша, салаға бөлінетін қаржы жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Биыл өңірде спортты дамытуға 13,4 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат бапкер-оқытушылардың жалақысын 100%-ға, мемлекеттік емес қызметкерлердің еңбекақысын 45%-ға өсіруге, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (тамақтану, стипендиялар, материалдық-техникалық база) 1,8 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Еңбекақы қоры – 5,4 млрд теңге (1850 спорт қызметкері).

Облыста 225 мыңнан астам солтүстікқазақстандық дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады. Өңірде 2 148 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 13 стадион, 11 жүзу бассейні, 29 ФОК, жасанды жабындысы бар 293 шағын-футбол алаңы, Бескөл ауылындағы шаңғы-биатлон кешені, 605 спорт алаңы, Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ипподромы бар.

«2025 жылы 40 спорт нысанының құрылысы аяқталды – Есіл ауданындағы Петровка ауылында жабық хоккей корты, Мамлютка қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 21 шағын-футбол алаңы және 15 спорт алаңы. Сонымен қатар УЕФА талаптарына сай келетін «Қарасай» стадионының реконструкциясының екінші кезеңі аяқталды. Қызылжар ауданы Бескөл ауылында және Аққайың ауданы Смирново ауылында екі жабық хоккей кортының, Петропавлда жүзу бассейні мен ойын залы бар мұз аренасының, Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында жүзу бассейнінің, Айыртау ауданында стадионның және «Қазақстан халқына» қоры есебінен 3 жылдам тұрғызылатын залдың құрылысы жалғасуда», – деді Қарлығаш Рамазанова.

Физикалық белсенділікті арттыру мақсатында жыл ішінде 240 мыңға жуық адамды қамтыған 1200-ден астам спорттық шара өткізілді. Өз кезегінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов спорт инфрақұрылымының халықтың спортпен айналысуына, таланттарды дамытуға және денсаулықты нығайтуға қажетті базалық элемент екенін атап өтті.

«Соңғы үш жылда сала айтарлықтай серпін алды: қаржыландыру 24%-ға өсіп, 37 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат 108 спорт нысанын салуға мүмкіндік берді, бұл тұрғындардың спортпен айналысу мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Бизнес өкілдерінің маңызды үлесін де атап өткім келеді. Біздің аграрийлер өз қаражаты есебінен қызметкерлері мен ауыл тұрғындары үшін спорт нысандарын салып жатыр. Биыл шамамен 1 млрд теңгенің жобалары іске асырылды», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс үшін стратегиялық маңызы бар үш ірі жоба іске асырыла бастайды: коньки тебу жолы мен хоккей корттары бар көпфункционалды мұз аренасы, 50 метрлік олимпиадалық бассейні бар әмбебап спорт кешені және 5 000 орындық жабық футбол аренасы футбол академиясымен бірге.

«Бұл жобалар кәсіби спортшыларды жүйелі дайындауға, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға және жаңа таланттарды анықтауға негізгі платформа болады», – деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы спорт нысандарының құрылысына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді, халықты спортқа тарту жұмыстарын күшейтуді және аудандардың облыстық спартакиадаларға қатысуын арттыруды тапсырды.

Shares