Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі Үкімет белгілеген жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды

СҚО әкімі Үкімет белгілеген жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды

October 28, 2025 18:51

Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері облыс әкімдігінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Отырысты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өтті. Кездесу барысында өңір экономикасының өсу қарқыны мен негізгі салалардағы оң көрсеткіштер қаралды. 9 айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасы 12,6%-ға өскен. Тұрақты өсім байқалған салалар:

  1. Құрылыс – +27,3%
  2. Сауда – +12,0%
  3. Өңдеу өнеркәсібі – +19,3%
  4. Ауыл шаруашылығы – +10,1%
  5. Тұрғын үй енгізу – +2,8%
  6. Инвестициялар – +10,4%

«9 айдың қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Дегенмен, жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайды. Үкімет белгілеген экономикалық өсімнің 6,5% деңгейіндегі жоспарының орындалуын қамтамасыз ету қажет. Барлық бағыттар бойынша жұмыс жедел қарқынмен жүргізіліп, әр салада ай сайынғы өсімге қол жеткізілуі тиіс», – делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Shares